• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Мамыр, 2021

Алакөлге пойызбен баруға болады

465 рет
көрсетілді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Алакөл курорттық аймағы бағытында жазғы кезеңге бірнеше жолаушылар пойызының тағайындалғаны туралы хабарлады.

 

Яғни 2021 жылдың 17 мау­сы­мынан бастап №457/458 «Семей-Достық» қатынасында күн ара қатынау жиілігімен Се­мей стансасынан тақ күндері; Достық стансасынан жұп күндері жөнелту; №459/460 «Өскемен-1 – Достық» қатынасында күн ара қатынау жиілігімен Өскемен-1 стансасынан тақ күндері, Достық стансасынан жұп күндері жөнелту болса; 2021 жылғы 20 маусымнан бастап №257/258 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» қатынасында жиілігі аптасына 2 рет қатынайды, жексенбі және бей­сенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, дүй­сенбі және жұма күндері Достықтан жөнел­ті­леді.

 Курорттық аймақ бағытында апта­сына 2 рет жиілігімен қаты­найтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында «Нұр-Сұлтан – Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан – Семей» пойызы, №6941/6942 «Ақтоғай – Семей» пойызына Ақтоғай стансасында қайта тіркелетін №21/22 «Қызылорда – Семей» пойызы құрамындағы «Алматы – Достық» қатынасындағы тіке­лей вагон барлығын қаперге са­ла­­мыз.

 Жолаушылар пойыздарының қо­з­ғалыс кестесі бойынша бар­лық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.

Жолаушылар сервис сапасы бойынша өз шағымдары мен өтініштерін шаралар қабылдау үшін жолсеріктер немесе пойыз бастығы арқылы жолдай алады, сондай-ақ сапар күнін, пойыздың, вагонның нөмірін және орнын көрсете отырып, 1433 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады.

Ұлттық тасымалдаушы өз жолау­шыларын жол жүру құжат­та­рын онлайн, оның ішінде Bilet.Railways.kz ресми сайтында ресімдеуге және жолаушылардан коронавирус індетінің таралуы кезінде санитарлық-эпи­де­миологиялық талаптарды сақ­тауға шақырады.

 

 «Егемен-ақпарат»