• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Мамыр, 2021

Алексей Цой: Қазақстанда эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді

8003 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың төмендеуіне қатысты оң динамика байқалады және эпидемиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Мәселен, соңғы 2 аптада оған дейінгі екі аптамен салыстырғанда науқастану көрсеткіші 20 пайызға азайды», деді министр.

Министрдің айтуынша, өңірлер шегінде 18 мамырдағы жағдайға сәйкес, инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы 36, ал реанимациялық төсек-орындардың толымдылығы 28 пайызды құрап отыр.

«Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында – 49, Алматы облысында – 45 пайыз, реанимациялық төсек-орындар толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында – 52, Алматы қаласында – 47 пайызды құрайды», деді Денсаулық сақтау министрі.