ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, 43 жастағы автокөлік жүргізушісі Катонқарағай ауданының «Өскемен-Рахман қайнарлары» жолымен келе жатып, қауіпсіздік жылдамдығын сақтамай ұзақ бұрылыста рульді басқара алмай жол жиегіне шығып кетіп, кюветке аударылған.
ЖКО нәтижесінде алған дене жарақаттарынан 24 жастағы көлік жолаушысы Катонқарағай ауданының ауруханасында қайтыс болған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі– абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.