• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Мамыр, 2021

Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерлікпен күрес жүргізіледі

560 рет
көрсетілді

Экология министрлігі мен Ішкі істер министрлігі Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерлікпен күресу бойынша күш біріктірді, деп хабарлайды Egemen.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерлікті алдын-алу және онымен күресу мақсатында, экология, геология және табиғи ресурстар мен ішкі істер министрлерінің арасында Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерлікпен күресу бойынша оперативтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізу бойынша қабылданған жоспар және бірлескен бұйрыққа қол қойылды.Аталған құжаттарды іске асыру мақсатында, жоғарыда аталған министрліктердің орталық аппаратының және құрылымдық бөлімдерінің тәжірибелі қызметкерлерінен Жұмыс тобы құрылды.Сонымен қатар, Қапшағай қаласында Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтіп, онда құрылған бірлескен мобильдік топтар жұмысының негізгі бағыттары белгіленді.Алғашқы отырыс республикалық және облыстық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті.Одан басқа, аталған іс-шараның басталуын танымал әлеуметтік желілерде кеңінен жариялау мақсатында, мәжіліске Алматы облысы бойынша жемқорлыққа қарсы «Адалдық алаңы» орталығының, «Мастер лодок» еріктілер тобы, Алматы облысы бойынша «Балық шаруашылықтары қауымдастығы-БД» республикалық қауымдастығы, ҚР әуесқойлық-спорттық балық аулау федерациясының басшылары және «Охотники KZ» сайты әкімшілігінің өкілдері қатысты.Жүргізілген жұмыстар барысы және нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстары арқылы жарияланып тұрады.