Нұр-Сұлтандағы Есіл мен Алматы аудандарында 21-22 мамырда су болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коммуналдық қызметтер 21 мамыр 22.00 мен 22 мамыр 09.00 аралығында сумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр:
Момышұлы даңғылы мен Төлебаев көшесінің қиылысында жаңа магистралды су құбырын орнату;
Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысындағы қысым реттегішті жөндеу;
Момышұлы, 1 даңғылы ауданында өлшегішті ауыстыру.
Осыған байланысты ауыз су беру уақытша тоқтатылады:
Есіл ауданы бойынша – Мәңгілік Ел даңғылында, Nova city ауданында, Заречный, Тельмано және Пригородный тұрғын алаптарында, BI Village Family Village-де, Қабанбай батыр даңғылы бойындағы тұрғын үйлерде.
Алматы ауданы бойынша – Мыңжылдық аллеясы ауданында, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабының оң жағында, Қалдаяқов-Тәуелсіздік-Панфилов-Аманжолов көшелерінде.
Бұдан басқа, 22 мамырда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін осы аудандарда құбыр желілерін іске қосу жұмыстарына байланысты судың қысымы төмен болады.
«Бұл жұмыстар сумен жабдықтау желілерінің сапасы мен беріктігін жақсарту үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, бір тәулікке жететін ауыз суды толтырып алуларыңызды сұраймыз», деді «Астана су арнасының» өкілдері.