• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Мамыр, 2021

Алматыда автобус қағып кеткен әйел қайтыс болды

230 рет
көрсетілді

Алматыда 46 жастағы әйелді автобус қағып кетті. Зардап шегуші оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«БаТу Транс» тасымалдаушы компания мәлімдеуінше, адам өліміне әкеп соққан жол апаты 19 мамыр күні таңғы сағат 6:20-да болған.

«208 автобустың жүргізушісі Жангелдин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Пестковский көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 1975 жылы туған әйелді қағып кетті. 46 жастағы әйел алған жарақаттарының әсерінен оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», деп хабарлады «БаТу Транс» ЖШС