• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2021

​​Қапшағайда браконьерлерден 530 келі балық тәркіленді

191 рет
көрсетілді

​​Қапшағай қаласында браконьерлерден 530 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерліктің алдын алу және онымен күресу жұмыстарын жүргізу барысында Қапшағай қаласында балық ресурстарын заңсыз сақтау фактісі анықталды. Айта кетсек, И. азаматшасында 530 келі балықтың бірнеше түрі, сондай-ақ 140 км (140 000 метр) жуық пайдалануға тыйым салынған балық аулау құралдары (синтетикалық моножіптер мен моноталшық) тәркіленді. Балық ресурстарына келтірілген алдын ала залал көлемі 1 млн 211 мың теңгені құрады.Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде, рейдтік іс-шаралар жалғасуда.