• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2010

САЛЫҚТАН ЖЫРЫМДАП ТҰТЫЛДЫ

562 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялардың біріне қатысты кедендік бақылау департаменті қылмыстық іс қозғады. Мұнай өндіруші компания­ның қылмыстық іске негіз болған әрекеті пост-кедендік бақылау бас­­қармасының камералды ба­қы­лауы кезінде байқалған. Жос­пар­дан тыс тақырыптық тексеруде ке­дендік төлемдер мен салық­тард­ы төлеуден жалтару дерегі анық­талды. Яғни, кен орынд­ары­нан мұнай-газ конденсаты мен көмірсутек шикізатын өндіруге қажетті жабдықтар мен қон­дырғыларды әкелу барысында мем­лекет бюджетіне төленуі тиіс кеден бажы мен қосымша құн са­лығының 7 млн. 442 мың тең­гесі кем төленген. Аталған тұл­ғаға қатысты тергеу амалдары жүр­гізілуде. Еркін ӘБІЛ, ҚЫЗЫЛОРДА.