• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Мамыр, 2021

Еуразиялық банк 2020 жылы ағымдық қызметтен түскен пайданы екі есеге арттырды

264 рет
көрсетілді

«Еуразиялық банк» АҚ-ның 2020 жыл­ғы шоғырландырылған пайдасы Ресей­дегі еншілес банкті сатудан түскен 2,1 мил­лиард теңге болатын біржолғы шығын­ды ескере отырып, 4,5 миллиард теңгеден 6,8 миллиард теңге­ге дейін өсті. Шоғырландырылған активтер 13%-ға 1,2 триллион тең­геге дейін өсті. Капитал 10%-ға 109 миллиард теңгеге дейін өсті.

Банк халықаралық аудит кезінде расталған қаржылық есеп­ті­лікті жариялады. Ресейдегі енші­лес банкті сату жөніндегі мәмі­лені есепке ал­ма­­ғанда, банк­тің 2020 жылғы күн­де­лік­ті қыз­мет нәтижесінде алған пай­­дасы алдыңғы жылғы ұқсас көр­се­т­­кішпен салыстырғанда екі есе өсті.

«2020 жылғы қаржы қорытын­дылары бүкіл әлем үшін күтпе­ген соққы болған пандемия жағ­дайында банктің бизнес моделінің тұрақты болғанын дәлелдейді. Акционерлер атынан айнымас және бізге бағалы сенімі үшін клиенттерімізге, сондай-ақ үздік нәтиже көрсеткен командаға ал­ғыс айтқым келеді. Осы бір қиын жылы команданы нығайтуға және технологиялық қайта жарақ­тандыруға салынған ин­вестициялар бізге болашақ­қа се­нім­­мен қарауға мүмкіндік береді!», – деді банктің директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

«Еуразиялық банк» АҚ тобы­на банк­тен басқа «Еуразиялық жо­ба-1» ЖШС және «Еуразиялық жо­ба-2» ЖШС еншілес кәсіпорын­дары кіре­ді. «Еуразиялық банк» АҚ енші­лес банкін сату жөніндегі мәмі­ле (Мәскеу қ.) 2020 жылдың 29 жел­тоқсанында іске асырылды. «Еура­зия­лық қаржы компаниясы» АҚ банкт­ің бас компаниясы болып табыла­ды және банк акцияларының 100%-на ие.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі