• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Үкімет 20 Мамыр, 2021

Сенаторлар республикалық бюджетке нақтылауларды қабылдады

187 рет
көрсетілді

Дәрігерлердің жалақысы, студенттердің стипендиясы ұлғаяды, ал талапкерлерге арналған гранттар саны көбейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19 пандемиясымен және оның зардаптарымен күрес қосымша қаржыландырылатын болады. Атап айтқанда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті резерві қамтамасыз етілуі, сондай-ақ емдеумекемелерінің медициналық жабдықтармен жарақтандырылу деңгейі арта түсуі тиіс.

Инфрақұрылымдық жобаларға, оның ішінде 3 500-ден астам ауылды жаңғыртуға, жолдарды салу мен жөндеуге, қазақстандықтарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қосымша қаржы жіберілетін болады.

«Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру үшін бөлінген қаражат көбейтіліп, 106 миллиард теңгеге жетті. Осы қаржының есебінен мыңдаған жұмыс орнын ашу көзделіп отыр, бір мыңнан астам әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыспен қамтудың жол картасын қосымша қаржыландыру арқылы 127 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады. Сондай-ақ, 5 мыңнан астам бизнес-жобаға несие беріліп, соның нәтижесінде 15 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Нақтыланған бюджет еліміздің экономикалық дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді деп сенеміз», деді Мәулен Әшімбаев.