«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 20 мамыр күні Алматы уақытымен 20 сағат 21 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 365 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,5, магнитудасы – 3,9.
Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.