Атырауда Каспий жағалауындағы қамыс өрті әлі толық сөнген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 20 мамырда осы мақсатқа Атыраудағы өрт сөндіру бөлімдерінен 13 қызметкер мен АЦ-6-40, Трэкол, Шерп, АСА-20 маркалы арнайы техникалар жұмылдырылды.
«Қазавиақұтқару» АҚ-ның «Ми-8» тікұшағымен әуеден барлау жүргізу кезінде шамамен 10,6 гектар аумақта 6 өрт ошағы анықталды. Тікұшақтағы «ВСУ-5» құрылғысымен әуеден су шашылып, 4 өрт ошағы сөндірілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Департаментте өртті сөндіруге байланысты іс-қимылдарды үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Жағалаудағы қамыс өртін сөндіру жалғасып жатыр.