АҚШ-тың Сан-Диего қаласының жағалауында заңсыз мигранттардың қайығы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Оқиғадан 1 адам қаза тауып, 8-і жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Ақпарат көздері құтқарушылардың 10 адамды өлім аузынан аман алып қалғанын хабарлайды. Қазір олармен АҚШ-тың кеден қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Мигранттардың ел аумағына заңсыз кіру фактісіне қатысты тергеу ісі басталды.