Мемлекет басшысы, пандемия және онымен байланысты іс-шаралар жаһандану процесін үзіп, әлемдік шаруашылық тәртіптің құрылымын өзгерткенін айтты. Әлемнің ірі экономикалары арасындағы сауда-экономикалық жанжалдар күрделі жағдайды одан әрі күрделендіре түсуде. Бұл туралы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Әлемдік қоғамдастық біршама күрделі сын-тегеуірінмен, міндеттермен бетпе-бет келіп отыр. Пандемия жаһандық және елдік деңгейде денсаулық сақтау жүйесі мен экономиканың әлсіз тұстарын көрсетіп бергені анық. Екінші жағынан, ол экономиканың жекелеген салаларының – фармацевтика өнеркәсібінің, медициналық қызмет саласының, биоинженерлік және цифрлық технологиялардың дамуына тың серпін берді. Осынау жаңа жағдайларда біз барынша өзекті мәселелердің – экономикалық дағдарыс салдарын қалай еңсерудің, экономикадамуының қалпына келу жолына шығудың тиімді шешімін табуымыз қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.