• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 21 Мамыр, 2021

Агро-ғылыми саланы дамыту бойынша нақты ұсыныстар дайындау керек – ҚР Президенті

267 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЕЭК отырысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біздің алдымызда агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар көлемін арттыру, одақтың бірыңғай ауылшаруашылық және азық-түлік нарығын құру міндеті тұр. Озық және инновациялық технологияларды енгізу, жоғары қосылған құны бар өнім өндірісін арттыру үшін біздің агро-ғылыми мекемелердің өзара байланысын күшейту қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЕЭК отырысында.

Сондай-ақ Президент ауылшаруашылық өнімдерін үшінші елдердің нарықтарына экспорттауды арттыру бойынша бірлескен күш-жігерді күшейту қажет деп санайтынын жеткізді.

«Комиссияға осы бағытта егжей-тегжейлі және нақты ұсыныстар дайындауды тапсырамын»,  деді Қазақстан Республикасының Президенті.