Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЕЭК отырысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біздің алдымызда агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар көлемін арттыру, одақтың бірыңғай ауылшаруашылық және азық-түлік нарығын құру міндеті тұр. Озық және инновациялық технологияларды енгізу, жоғары қосылған құны бар өнім өндірісін арттыру үшін біздің агро-ғылыми мекемелердің өзара байланысын күшейту қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЕЭК отырысында.
Сондай-ақ Президент ауылшаруашылық өнімдерін үшінші елдердің нарықтарына экспорттауды арттыру бойынша бірлескен күш-жігерді күшейту қажет деп санайтынын жеткізді.
«Комиссияға осы бағытта егжей-тегжейлі және нақты ұсыныстар дайындауды тапсырамын», деді Қазақстан Республикасының Президенті.