Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-логистикалық және көтерме дистрибьютерлік орталықтар жүйесін құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Өзбекстанмен бірге Орталық Азияда халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жөніндегі бірлескен жобаны іс жүзінде жүзеге асыруға кірісті. Орталық Батыс Еуропа - Батыс Қытай стратегиялық магистралінің бойында орналасады, бұл өзара транзиттік сауданың өсуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ тауар ағынын ақтауға және өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЕЭК отырысында.
Мемлекет басшысы одақтың барлық елдерімен осындай бірлескен инфрақұрылымды ортақ дамытуды ұсынды.
«Одақ шеңберінде сауда-логистикалық және көтерме сатылым орталықтарының жүйесін құру да үлкен маңызға ие болып отыр. Мұндай жүйе біздің елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, агроөнеркәсіптік сектордың әлеуетін қолдайды, сәйкесінше негізгі өнімдерге бағаны төмендетеді», деп түйіндеді Мемлекет басшысы.