• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2021

870 мың теңге пара алған подполковникке 26,1 млн теңге айыппұл салынды

223 рет
көрсетілді

Алматы облысында ПБ бастығының орынбасарына пара алғаны үшін үкім шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, аудандық ПБ бастығының орынбасары Биляловқа ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық істі тоқтатқаны үшін (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) 870 мың теңге пара алды деп айып тағылған.

Сот үкімімен кінәлі деп танылып, шенінен айырылды. Сондай-ақ, 26,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.