• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2021

Ақсу қаласының әкімі лауазымынан босатылды

427 рет
көрсетілді

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 32-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы 59-бабының 9), 16) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» № 828 Жарлығына сәйкес Павлодар облысы әкімінің өкімімен Нұржан Кемерұлы Әшімбетов Ақсу қаласының әкімі лауазымынан босатылды, - деп жазылған хабарламада.