«Ростов» және «Рубин» командаларының 68 жастағы экс-жаттықтырушысы Құрбан Бердыев Алексей Шпилевский отставкаға кеткен жағдайда «Қайратты» жаттықтырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
KazFootball.kz мәліметінше, 33 жастағы Шпилевский команданың бас бапкері қызметінен кетуге жақын. Еліміздің қазіргі чемпионы осы маусымды сәтсіз бастады, 13 турда бес рет қана жеңді.
Бердыевты футбол жанкүйерлері соңғы рет «Астана» - «Қайрат» орталық матчінде алматылық клубтың басшыларымен көрген.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның «Қайрат-Мәскеу» командасы Ресейдің екінші лигасында өнер көрсететіні хабарланған болатын. Клуб ресми түрде чемпионатқа қатысуға жолдама алды.