Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер жаңа қаулыға қол қойып, сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан фудкорттардың ашылуына рұқсат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келушілер Ashyq қосымшасы арқылы денсаулығына қатысты мәліметті растауы тиіс. Бұл жүйені кәсіпкерліктің барлық түрі енгізуі шарт. Тек фудкорттар емес, кинотеатр, фитнес-орталық, монша, компьютерлік клуб, театр және туристік нысандарға ереже ортақ.