• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2021

Атыраулық әйел өз көлігінің астына түсіп көз жұмды

1684 рет
көрсетілді

Атырау облысында бір әйел өз көлігінің астына түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау-Индер тас жолында кісі өліміне әкеп соққан жол апаты болды. ГАЗель жүргізушісі әйелімен бірге келе жатқанда көліктің ішін қою түтін басқан.

«Ер адам жүріп келе жатқан көліктен әйеліне секіруге кеңес береді. 52 жастағы әйел көп ойланбастан көліктен секіргенімен, ол доңғалақтың астына түсіп мерт болды», деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі күні тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.