• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 24 Мамыр, 2021

ҚФФ төрешілік ету департаментіне испаниялық маман директор болып тағайындалды

400 рет
көрсетілді

Қазақстан футбол федерациясында төрешілер корпусының шұғыл жиналысы өтіп, департаменттің жаңа директоры тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков осыған дейін департаменттің басшысы болған Сергей Кенетаевқа алғысын білдіріп, атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.Хуан Фернандес 1957 жылы 3 желтоқсан күні Мадрид қаласында дүние есігін ашқан. Көп жылдар бойы Испания чемпионатының матчтарында төреші болған. Сонымен қатар испаниялыш маман Чемпиондар лигасы, УЕФА кубогі, Әлем чемпионаты мен Еуропа кубогының іріктеу ойындарында қызмет атқарған. «Осындай ұсыныс білдірген Қазақстан футбол федерациясына алғысымды айтамын. Мен Қазақстан футболындағы төрешіліктің деңгейін көтеру үшін бар күшімді саламын. Төрешілер футболдың ажырамас бір бөлігі», деді Фернандес мырза. УЕФА төрешілер комитетінің төрағасы Роберто Розетти мырза Фернандесті жоғарғы деңгейдің маманы екенін айтып өтті. Арнайы видеобайланысқа шыққан Розетти алдағы уақытта Қазақстан футболында төрешілер мәселесі туындамайды дегенге келтірді.«Қазақстан тарапы керемет таңдау жасады. Хуан өте тәжірибиелі маман. Ол Қазақстандағы төрешілердің деңгейін көтеріп, жұмысын бір ізге салады. Футбол қауымдастығының ажырамас бір бөлігіне айналған Фернандеске көмек көрсетіп, оның жұмысына ықпал етсеңіздер, испаниялық маман УЕФА талаптарына сәйкес қызмет ететін болады»,  деп атап өтті Р. Розетти.