• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 25 Мамыр, 2021

Гимназия түлектерін мектеп бітіруімен құттықтады

376 рет
көрсетілді

«Бөбек» ҰҒББСО-ның бас директоры Елена Сәкенова Соңғы қоңырау мерекесіне арналған сынып сағаты барысында тікелей эфирде «Өзін өзі тану» гимназиясының түлектерін мектеп бітіруімен құттықтады.

Елена Сәкенова «Өзін өзі тану» рухани-адам­гершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назар­баеваның құттықтау сөзі мен түлектерге арналған өсиеттерін оқып берді.

Сара Алпысқызының құт­­тықтауында: «адами тұ­­тас­тықтың ішкі негізі – жал­­пыадамзаттық құн­ды­лық­тар. Олар адамда рухани тазалықтың, сүйіс­пеншіліктің, құр­мет­тің ұшқынын тұтатады және осы ұшқын арқылы жү­ректе өмірдегі бас­ты ба­сым­дықтардың: рухани­лықтың, адам­гер­шіліктің, па­трио­тизмнің алауы тұ­танады» делінген.

«Өзін өзі тану» бағ­дар­­ламасының авторы тү­лек­тер­дің өз елінің адам­гер­ші­лігі жоғары, білім­ді және ба­қытты аза­­маты болу­ға тілек­тестік біл­дірді.

Елена Сәкенова Сара Ал­­­пысқызы өзін өзі тану, үйлесімді даму және әрқай­сымыздың толыққанды өзін өзі жү­зеге асыру үшін барлық жағдайды жасағанын атап өтті. «Адам бақыты мен өмір­­лік сәттіліктің сыры өзі­мен үйлесімде, табиғатпен үй­ле­сімде, қоғаммен үйле­сімде екенін білеміз», деп тү­лектерге ізгі ниетін білдірді.

«Өзін өзі тану» гим­на­зиясы­ның түлектері Сара Алпысқызына, «Бөбек»­ ҰҒПББСО-ның ұжы­­мына, мұғалімдерге жы­лы лебіздерін жолдап, «Өзін өзі тану» пәні үшін шын жүректен алғысын білдірді. Содан кейін мектеп бітірушілерге арналған соңғы қоңырау соғылды.