Бүгін елімізде 3,5 млн-ға жуық оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның ішінде 11 сыныпты 150 мыңнан аса түлек бітіреді. 9-сыныпты 270 мыңдай бала аяқтап отыр.
Ал былтыр алғаш мектеп табалдырығын аттаған 350 мың бүлдіршін бүгін бірінші сыныпты тәмамдайды. Салтанатты шара 9 және 11 сынып оқушылары үшін дәстүрлі түрде, ал қалған оқушылар үшін онлайн өтеді.