• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2010

ДОСТЫҚ ДӘНЕКЕРІ

523 рет
көрсетілді

ІV Каспий мұнай-газ сауда көліктік конференциясы өтті Каспий теңізі аймағындағы ел­дердің жалпы мұнай-газ өнім­дерінің сапасын арттыру, сауда-көліктік инфрақұрылымды, транзиттік саланы дамыту, экспорттық жүйені қалыптастыру мәселелерін қоз­ғайтын мұндай басқосу осыған дейін үш мәрте Бакуде өтіпті. Бұл жолғы конференция Маңғыстау облыстық әкімдігі, Көлік және коммуникация, Мұнай және газ министрліктері, облыстық сауда-өнеркәсіптік пала­тасының қолдауымен “Contіdence Capіtal” компаниясы ұйымдастырды. Елімізде алғаш өткен басқосу жайлы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев осынау игі шара біздің еліміздің жоғары рейтингін тағы да дәлелдеп, ұзақ мерзімді кемел әріптестікке жол ашатын жағымды инвестициялық климаттың орнағандығының жемісі. Бұл ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші тәуелсіз Қазақстанның ТМД елдері арасында көшбасшы орында екен­дігінің белгісі. Бұл Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының тағы бір бедерлі көрінісі, деді. Бұл пікірді өз кезегінде сөз алған шетелдік қонақ­тар – Ұлыбритания елшілігінің екін­ші хатшысы Мартин Чаилд, “Contіdence Capіtal Ltd” компания­сы­ның бас директоры Андрей Руденко және басқалар толықтыра түсті. Конференцияда Көлік және ком­муникация министрлігінің басқарма бастығы Т.Қоңқақов, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Айтқұлов, Азия даму банкінің өкілі С.Вермерт, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан энергетикалық зерт­теу­лер Кембридж ассоциация­сы­ның, Транскаспий құбыр консор­циумының өкілдері баяндама жасап, ой-пікір бөлісті. Конференция аясында Маңғыс­тау облысындағы энергетика құры­лымының дамуы, жалпы Каспий өңірінің негізгі серпінді жобалары, осы өңірден көмірсутегі шикізат­тарының экспортталуы, Каспий теңіз порттарының рөлін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Жоламан БОШАЛАҚ, АҚТАУ.