• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2021

Тақымдылар тартысты

114 рет
көрсетілді

Кейінгі уақытта көкпар ойыны қарқынды дами бастаған Қарағандыда ұлттық спорттың осы түрінен облыс чемпионаты өтті. Бұл додаға өңірдің әр қиырынан он команда келіп, өнер көрсетті. Мамандардың сөзіне қарағанда, бұрын қатысушылардың саны мұнша көп болмаған екен.

Көкпардан облыстық құрама команданың аға жат­тықтырушысы Нұржан Шай­хин мұндай өрлеуді өңір басшылығының, облыстық денешы­нықтыру және спорт басқар­масы­ның нақты қолдау көрсетіп отырған­дығымен бай­ланыстырады.

– Осындай қамқорлықтың арқа­сында жарысты жоғары деңгейде өткізу мүмкіндігіне ие болдық. Енді аудандарда жас көкпаршыларды тәр­биелеумен құлшына айналысатын, біздің өңірде осы ұлттық спорт түрін белсенді түрде дамы­татын ынталы және білікті жаттықтырушылар жұмыс істейтін болады. Көк­пардың «жасарып» келе жат­қаны анық, бұл бізді қуантады, – дейді Н.Шайхин.

Чемпионаттың финалдық ойындар кезеңінің қоры­тындысында Шет ауданының көк­паршылары алдына жан салмай, чемпион атанды. Кү­міс жүлдені Нұра ауданы­ның командасы иеленсе, Жаңа­арқа және Қарқаралы аудан­дарының балуандары қола жүлдені өзара бөлісті.

Қарағанды облысының чемпио­на­тында көзге түскен үздік көкпаршы­лардан құрама команда жасақталды. Олар енді Павлодар қаласында өте­тін ел біріншілігінде өңір­дің намысын қорғайтын болады.

 

Қарағанды облысы,

Шет ауданы