• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Мамыр, 2021

Алматыда ыстық су уақытша тоқтатылады

345 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы бірқатар ғимаратқа ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

27 мамыр таңғы сағат 8:00-ден 28 мамыр таңғы сағат 8:00-ге дейін Бостандық ауданындағы Жароков - Березовский - Розыбақиев - Өтепов көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді.

Сонымен қатар «Алмагүл» және «Қазақфильм» ықшамаудандарында да болмайды.

«Қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су қызметіне уақытша шектеулер енгізілді. Тұрғындардың жағдайға түсінікпен қарауын өтінеміз», деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.