• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Мамыр, 2021

Қазақстанда әскери-ұшқыш мамандығына әйелдер машықтануы мүмкін

590 рет
көрсетілді

Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев майдан авиациясының ұшқышы аға лейтенант Ардана Ботайды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

 

Қорғаныс ведомствосының басшысы Қазақстанда әскери-ұшқыш мамандығына әйелдер даярлау мүмкіндіктері мен келешегі туралы баяндаманы тыңдады.

– Нәзік жандылар әрқашан ерлердің ісі саналатын әскери мамандықты, оның ішінде әскери авиацияны да қарқынды меңгеруде, – деді өзіне сенімді әскери қызметші.

Аға лейтенант Ардана Ботай Қарағанды авиация базасында аға жойғыш-ұшқышы қызметін атқарады. Әуеде шамамен 500 сағатқа жуық ұшу тәжірибесі бар.

Бала күнінен әскери ұшқыш болуды армандаған. Алматы қаласындағы азаматтық авиация академиясының «әуе кемелері мен қозғалтқыштарды ұшуға пайдалану» мамандығы бойынша оқуды бітіргеннен бері ол Қарулы Күштердің сапында.

Алғаш рет 2018 жылы сәуір айында Л-39 жауынгерлік ұшағымен әуені шарлаған. TL-2000, Tecnam P-2002 аса жеңіл ұшақтарын, Diamond DA42 екі моторлы ұшағын меңгерген. Қазіргі уақытта әскери қызметші Су-30СМ жаңа буынды жойғыш ұшағын басқарады. Ол әскери ұшқыш жолдасы сияқты командирлік мансапты армандайды. 

Қорғаныс министрі әйел әскери қызметшілердің түрлі мамандықтар бойынша даярлығы мен олардың Қарулы Күштердің дамуына қосқан үлесінің маңызын атап өтті.