• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2021

Ақтөбеде аквапарк пен жағажай жұмысына рұқсат берілді

682 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында карантин шектеуі жеңілдеді. Аквапарктер мен жағажайлар жұмысына рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды. Қаулыда ашық ауадағы аквапарктердің қызметіне рұқсат берілген.

«Жағажайлар жұмысын бастай алады. Сонымен бірге бетперде тағу, әлеуметтік ара қашықты сақтау режимін ұстанған кинотеатрлар да келушілерге қызмет көрсетеді. Ата-аналардың өтініші бойынша жазғы мектептер жұмыс істейді. Тек сыныптағы бала саны 15-тен аспауы тиіс», деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ түнгі және ойын клубтары, қорқор (оның ішінде қоғамдық тамақтану орындары жанындағы) букмекер кеңселер мен лоторея клубтары, лоторея сататын өзге де орындар жұмысына шектеу бар. Айта кету керек, бұл нысандар тек Ashyq жобасы аясында жұмыс істей алады.