• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Мамыр, 2021

Биыл вирус жұқтырғандар тым көп

239 рет
көрсетілді

БҰҰ-ның жаңалықтар орталығының хабарлауынша, қазірге дейін шығарылған вакциналар әділ түрде бөлінгенде әлемдегі медицина қызметкерлері мен қарт кісілердің бәріне жететін еді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры доктор Тедрос Гебрейесус 2021 жылғы бес айда коронавирус жұқтыру және өлім жағдайлары 2020 жылға қарағанда көбірек тіркелгенін мәлімдеді. .

Оның сөзіне сенсек, вирустың таралуын әр ел бақылауға алмайынша, пандемия аяқталмайды. Ал қазір кез келген мемлекет халқын екпемен жаппай қамтамасыз етсе де, коронавирусты жеңдік деп айтуына әлі ерте.

«Қазіргі вакциналау саласындағы дағдарыс пандемияны ұзартып, теңсіздікті  айқын көрсетеді. Мысалы, салынған бүкіл екпенің 75 пайызы – 10 елге тиесілі.

Бұл идеяны ешқандай дипломатиялық формада ұстау мүмкін емес. Вакциналардың көп бөлігін өндіретін және сатып алатын елдердің шағын тобы әлемнің қалған бөлігіндегі жағдайды бақылайды», деді ДДҰ басшысы.

Тедрос Гебрейесустың келтірген мәліметіне сай, осы күнге дейін жасалған екпелердің дозалары неғұрлым әділ бөлінген жағдайда әлемдегі барлық медицина қызметкері мен егде жастағы адамдарға жететін еді. Сондай-ақ ол бүгінгі таңда COVAX бас­тамасы аясында 125 елге 72 миллион вакцина дозасын жеткізуге болатынын еске салды. ДДҰ басшысы дамыған елдерді препараттарды кедей мемлекеттермен, соның ішінде COVAX арқылы бөлісуге шақырды. Бұған қоса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық қоғамдастықтың алдына қойған мақсаттары туралы айтты. Биылғы қыркүйекке дейін әр ел халқының кемінде 10 пайызын және жылдың соңына қарай 30 пайызын вакциналауы тиіс.

«Бұл өлім жағдайлары мен аурудың ауыр түрінің алдын алады, медицина қызметкерлерін қорғайды және экономика мен қоғамдық өмірді қайта қалпына келтіреді», деді Тедрос Гебрейесус.