• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Мамыр, 2021

Бүгін жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді

635 рет
көрсетілді

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай мен өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республиканың кей жерлерінде дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с болады деп күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды облысында күндіз дауыл болады. Ақмола, Қостанай облыстарында дауыл, желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман болады, күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.