• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 11:43

Шығыс Қазақстан облысында жасырын есірткі зертханасы анықталды: Күдіктілер өмір бойына сотталуы мүмкін

20 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылып, 70 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция мәліметінше, 26 және 22 жастағы екі азамат шалғай ауылдың шетіндегі жеке үйде синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырған. Тұрғын үй арнайы осы мақсатта сатып алынған.

Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды

Жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары зертханалық жабдықтарды, шамамен 70 келі дайын «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісін және 4 тоннаға жуық химиялық реагенттер мен прекурсорларды тәркіледі. Тергеу барысында заңсыз қызметтің интернеттің жасырын сегменті арқылы қашықтан басқарылғаны анықталды. Нәтижесінде нарыққа шамамен 250 мың бір реттік доза есірткінің шығуының алды алынған.

Грузияда есірткімен ұсталған Қазақстан азаматы өмір бойына сотталуы мүмкін

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілерге өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар