Қазақ тіліндегі аудионы бірден мәтінге айналдыратын қосымша пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қосымшаның атауы – TezText. Galamat tech компаниясы қазақ тілінде осындай қосымша жасап шыққан. Оларға АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі қолдау көрсеткен. Мобильді қосымша App Store мен Play Маркет арқылы тегін жүктеп алуға болады.
Қосымшаны құрастырушы компания басшысының айтуынша, TezText журналистер мен интернет қолданушылардың жұмысын біршама жеңілдетеді.