ҚР Парламентінің Сенатына Лариса Аркадьевна Шепелеваны Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатуға ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚР Жоғарғы сотының судьясы Лариса Шепелеваны қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді. Шепелева құрметті отставкаға шығуға ниет білдірді. Құрметті депутаттар, ҚР Жоғарғы сотының судьясы отставкаға шығуына байланысты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымын қолдауды сұраймыз», деді ҚР Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.
Аталған ұсыныс палата депутаттары тарапынан қолдау тапты.