• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Мамыр, 2021

Құрлық әскерлері қысқы оқу кезеңінің қорытындысын шығарды

746 рет
көрсетілді

Жауынгерлік даярлықтың деңгейі, әскери тәртіптің ахуалы, қару-жарақ пен әскери техниканы ұстау сапасы – осының бәрі өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің және әскер тектерінің қолбасшыларымен қорытынды шығару барысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрлық әскерлерінде оқу кезеңіндегі бес айда шұғыл және жауынгерлік даярлық бойынша 1000-нан астам шара өткізілді. Оның ішінде маңыздылары: екі жақты бригадалық тактикалық оқу-жаттығулар, басқару органдарымен көп сатылы командалық-штабтық оқу-жаттығулар, «Алтын жебе-2021» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін тексеру болды. Сонымен қатар жеке құрам «Қалқан-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуына қатысты.

– Құрлық әскерлері әскери қызметшілерінің кәсіби шеберлігі артқанын байқадық. Жеке құрам қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары тәртіп пен әскери борыштың үлгілі орындалуын көрсете білді, – деп  атап өтті ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері арасында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы үздік деп танылды. Әскери бөлімдер арасында – 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасы да бар.