Машина жасау өндірісінің мықтылығы тек техниканың, оның құрамдас бөлшектерінің сапалылығына немесе қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне ғана байланысты емес. Дайын өнімге қарағанда оның ең басты артықшылығының бірі – жергілікті жағдайларға бейімделу мүмкіндігінің болуында.
Мәселен, бұрын еліміздің жылы өңірі – оңтүстікте ғана пайдаланылып келген SAZ LE60 пневмо-автобустарының жоғары жайлылығы биыл Солтүстік Қазақстанда да қолжетімді болады. Отандық өндіруші серіктестерімен бірге, көліктің кез келген ауа райына бейімделген арнайы түрін жасауға кірісті.
Қостанай зауыты Қазақстан өңірлерінің жеке сұраныстарына сай SAZ автобустарының кез келген жинақталымын жүзеге асыруға дайын.
Жоба аясында «СарыаркаАвтоПром» ЖШС мен Samauto БК ЖШҚ арасында ынтымақтастық туралы Бас келісімге қол қойылды.
«Біз еліміздегі автобус парктеріндегі тозған техникалар мәселесін білеміз. Оны шешудің жолы – қолжетімді жолаушылар техникасын өндіріп шығару. Шығарылатын өнімді таңдау кезінде біз техникалық сипаттамаларына ерекше мән береміз: Euro V экологиялық класы және жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды. Осы талаптың бәріне жаңа LE60 автобусы толық сәйкес келеді, сондықтан бұл жолаушылар көлігін Қазақстанда жүретін маршруттар қатарынан күтеміз», деп атап өтті «Аллюр» КТ президенті Оксана Холстинина.
Автобустарды шығару осы жылдың екінші жартысында басталады және жыл соңына қарай тараптар 200 бірлік техника шығаруды жоспарлап отыр. Ал келесі жылы бұдан екі есе көп техника шығарылмақ.