• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Медицина 28 Мамыр, 2021

Салауатты өмір салты ағзаның инфекцияға төзімділігін арттырады – Эпидемиолог

420 рет
көрсетілді

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының эпидемиологі Агажаева Гаухар Өнерханқызымен болған сұхбатпен таныса отырыңыз.

- Бүгінде бүкіл әлем коронавирустық инфекция пандемиясымен күресуде, барлық медициналық мамандықтар, соның ішінде эпидемиологтер үшін жұмыс көлемі артты. Әлемдегі жағдай өте ауыр: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық індетке пандемия дәрежесін бермейді. Айтыңызшы, коронавирус тудырған аурудың негізгі белгілері және аурудың ауыр ағымының қауіп факторлары қандай?

-  Коронавирустық инфекцияның  белгілері  суық тию немесе тұмау белгілеріне ұқсайды: бұл мұрынның ағуы, дене қызуының көтерілуі, жөтел, ентігу, конъюнктивит, бас ауруы, әлсіздік, жүрек айну, нәжістің сұйылуы, иіс сезудің бұзылуы немесе жоғалуы, дәм сезу жоғалуы мүмкін.

Аурудың ауыр ағымының қауіп факторлары – егде жастағы адамдар, сондай-ақ қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, иммун тапшылығы жағдайлары сияқты қатар жүретін аурулардың болуы.

 -   Коронавирустық инфекцияның алдын-алудың қандай шаралары бар?

- Коронавирустық инфекция ауа тамшыларымен таралатын инфекцияларға жатады, бұл оның әлемде тез және бақылаусыз таралуын анықтайды. Бұл инфекцияның пандемиясы әлемнің барлық елдерінде қатаң карантиндік шаралар қолданғануынан байқалады, бұл өз кезегінде елдердің экономикалық жағдайына да, олардың азаматтарына да әсерін тигізді.

Өзіңізді қорғау үшін жасалатын ең маңызды шара – жеке гигиена ережелерін сақтау және қоғамдық орындарға баруды азайту.

Инфекцияның алдын алудың арнайы емес шараларына мыналар: бетперде тағу, кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау, респираторлық этикетті сақтау, қолды сабын мен судың көмегімен өңдеу, кемінде 60% спирті бар антисептикалық заттармен өңдеу, қол алысып амандаспау және т. б. жатады.

Салауатты өмір салты ағзаның инфекцияға төзімділігін арттырады. Дұрыс режимді, оның ішінде толыққанды ұйқыны, ақуызға, дәрумендерге және минералдарға бай тағамдарды тұтынуды, физикалық белсенділікті сақтаңыз.

Аталған шаралардың тиімділігі бар, бірақ олар бұл инфекция сізге әсер етпейтініне 100% кепілдік бермейді.

- Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация туралы айтыңызшы.

-   Коронавирустың алдын алудың тиімді шарасы вакцинация болып табылады. Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация жүргізер алдында дене температураны өлшеу, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек соғу жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялаумен және жұтқыншақты тексеру тәрізді дәрігердің міндетті қарап-тексеруі жүргізіледі. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады. Дәрігер пациентті вакцинациядан кейінгі ықтимал асқынулар туралы ескертеді және пациентке ақпараттық материалдары бар жадынама береді. Қарап-тексеру кезінде егілетін адамдармен иммундаудан кейін қолайсыз көріністер туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

КВИ-дің жіті және симптомсыз түрі бар адамдар КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатпайды. КВИ қоса алғанда, жұқпалы аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін егіледі. Вакцинациялау алдында КВИ-ға қарсы антиденелердің болуына скрининг (ИФТ және ПТР-зерттеу) жүргізілмейді. КВИ кез келген түрімен ауырып сауыққандарға сауыққаннан кейін 6 айдан соң және вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалауды ескере отырып егілу ұсынылады. Вакцинацияға бірқатар басқа қарсы көрсеткіштер бар.

Халықты вакцинациялау аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде, арнайы контингентті вакцинациялау - тиісті ведомствоның қызмет орны бойынша жүргізіледі.

Жауаптарыңыз үшін алғыс білдіреміз.