• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Мамыр, 2021

Павлодарда ПИК пен МИБ-тің жұмыстары қарқын алды

223 рет
көрсетілді

Павлодар қаласында тұрғын үй реформасын қолдаған үйлер саны жетеуге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Вс. Иванов, 49/1 көпқабатты үйінің тұрғындары жиналыс ұйымдастырып, мүлік иеленушілері бірлестігін (МИБ) ашу мәселесін талқылады.

– ПИК жұмысы мәз болмай тұр, жылу дұрыс болмай, көмек сұрап хабарласқанда да келмейді. МИБ-қа ауыссақ жақсылық болатын шығар деп ойлаймыз, – дейді Вс. Иванов, 49/1 үйінің тұрғыны Талғат Шайхимов.

Қалалық тұрғын инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Рашитовтің айтуынша, қазіргі кезде шаһарда МИБ-қа ауысқан үйлердің саны жетіге жетті. Жыл соңына дейін 2264 үй қайтсе де МИБ немесе қарапайым серіктестік (ҚС) дейтін екі форманың бірін таңдауы тиіс.

– 2022 жыл бүкіл қазақстанның үйлері МИБ немесе ҚС ашу керек. Күнделікті негізде түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Мамырдың соңына дейін тағы төрт үй қосылады. Ақырындап іс алға баса бастады, – деді Нұрлан Рашитов.

Тұрғын инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары барлық үйлерді қамту үшін ай сайын ондап, тіпті жүздеп МИБ-қа ауыстыру керектігін айтты. Айта кетейік, 2021 жылға қарай барлық қазақстандық көпқабатты үйлер ПИК-терден бас тартып, әрбіреуі меншік иелері бірлестігінің (МИБ) немесе қарапайым серіктестік ҚС құруы тиіс болатын. Алайда әртүрлі себептерге байланысты бұл процесс тұралап, тұрғын үй реформасының аяқталу мерзімі 2022 жылдың жазына дейін шегерілді.

Реформа «Бір үй – бір бірлестік – бір есеп-шот» қағидасының жүзеге асырылуына жол ашады.