• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Мамыр, 2021

Дәурен Абаев: Өткенімізді әсіре мақтанға айналдыру – өрге бастамайды

637 рет
көрсетілді

Ұлттық академиялық кітапханада «Ұлық Ұлыс - Алтын орда: бастауы, тарихы және мұрасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Онда ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өз ұлылығыңа мастану, тарихты мифпен араластыру, өткенімізді әсіре мақтанға айналдыру – өрге бастамайды. Керісінше, біз тарихты конъюнктурадан тыс зерттеп, ақтаңдақтар ақиқатын ашып, шешуші оқиғалар желісін мұқият қайта қалпына келтіруге тиіспіз.

Президенттің тапсырмасына сәйкес жақында Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылатын Жошы Ұлысын зерттейтін ғылыми институт та негізінен осы мақсатты көздейді.

Институт атауының өзі айтып тұрғандай, біз Талас құрылтайынан бастап Кенесарының қазасына дейінгі тарихи дәуірді біртұтас кезең деп қабылдаймыз», деді Д.Абаев.