• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2010

ТҮРКИЯЛЫҚ МЕЙМАНМЕН КЕЗДЕСТІ

490 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Анкара қаласының мэрі Мелих Гокчекпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Әңгімелесушілер екі ел президенттері қол қойған Стратегиялық әріптестік туралы келісімді жүзеге асыру шеңберіндегі Қазақстан-Түркия сауда-экономикалық қызметтестігінің қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Сол сияқты екі елдің астаналары арасында достық байланыстар орнату туралы келісімге сәйкес Астана мен Анкара қалаларының өзара қарым-қатынасын әрі қарай жетілдіру жөнінде пікір алмасылды. Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қызметтестікті одан әрі дамыта түсуге өзара мүдделілік білдірді.