Жанартаудың атқылауы 22 мамырға қараған түні басталған. Ол Гома қаласына ең көп зиян тигізді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Лава жақындаған сайын жергілікті тұрғындар үйлерін тастап, Руандаға қарай қашқан. Шекарадан 3,5 мыңнан астам адам өтті. Қазір жанартаудың маңында электр жоқ және қалааралық жол бүлінген. Лава 500-ден астам үйді қиратып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Атқылау түнінде жоғалған балалар уақытша баспаналарда тұрады. Қызыл крест қызметкерлері мен жергілікті шенеуніктер оларға ата-аналарын табуға көмектесуде.