• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 31 Мамыр, 2021

Нұрлан Нығматулин Т.Ошимамен келіссөз жүргізді

136 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының спикері Тадамори Ошимамен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен парламентаралық диалогты нығайту туралы сөз болды.

Бейнеконференция байланысы арқылы өткен кездесуде Нұрлан Нығматулин күншығыс елі Қазақстанның Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі екенін және оған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғанын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапониямен көпсалалы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін айтқан Мәжіліс төрағасы отандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстар туралы әңгімеледі.