• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Мамыр, 2021

Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылады

257 рет
көрсетілді

Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейінгі көшелер ішінара жабылады. Бұл учаскеде 1-10 маусым аралығында асфальт ауыстыру жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі. 

«Құрметті алматылықтар! Жол төсемін ауыстыру жұмыстары аясында әл-Фараби даңғылында екі бағыт бойынша да Достық даңғылынан Жарбұлақ (Терренкур) өзеніне дейінгі жолдың барлық ені бойынша 1 маусым мен 10 маусым аралығында күндізгі және түнгі уақытта қозғалыс ішінара жабылады», делінген хабарламада.