• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Мамыр, 2021

Ақмола облысының бас санитары жаңа қаулы қабылдады

161 рет
көрсетілді

«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №14 қаулысына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне үстелдер арасындағы 2 метр қашықтықты сақтау, келушілер арасындағы 1 метрден кем емес қашықтықты сақтау шарттарымен рұқсат беріліп отыр.

Алайда, көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

«Дәмхана, мейрамхана типі бойынша, дүкендерде орналасқан барлардың (жайлардағы) толтырылуы 50 пайызға дейін болғанда, сондай-ақ, отыратын орын саны 30-дан аспағанда жұмыс режимі сағат 09:00- 20:00-ге дейін рұқсат етіледі. Одан кейін сағат таңғы 09:00-ге дейін өнім тек өзімен алып кету шартымен сатылады. Жазғы алаңдардың толтырылуы да 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, сағат 09:00- 20:00-ге дейінгі жұмыс режимі сақталуы керек. Ал асхана типі бойынша нысандардың жұмыс режимі сағат 09:00- 24:00 аралығында», делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.