Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 19:00-ден кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясының жабылу салтанатында видео үндеу жасайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды
24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтіп жатқан шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 194 мемлекеттің делегаттары қатысып жатыр. Сессияның негізгі тақырыбы «Қазіргі пандемияның аяқталуы және алдағы індеттердің алдын алу: тиімді, қауіпсіз әрі бейбіт әлемді бірлесіп құру».
Жиынның тікелей көрсетілімін https://www.who.int/.../seventy-fourth-world-health-assembly веб-сайтынан көруге болады.