Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы 20-дан астам сотталушы коронавирустың қауіптілігінен үрейленіп, шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығудан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz The Indian Express-ке сілтеме жаcап.
Сотталғандар билікке пандемия жағдайында түрмелерде әлдеқайда қауіпсіз екенін көрсететін тиісті хаттар жіберді. Қорытындылай келе, оларға кесте бойынша тамақтану және дәрігерлердің тексеруі ұсынылады. Бостандыққа шыққан жағдайда олар «өмір сүру үшін күресуден» қорқады.
«Өтініш білдірген тұтқындар штаттың тоғыз түрмесінде, соның ішінде Газиабад, Гаутама Буддх Нагар, Меерут, Махаражгангже, Горакхпур және Лакхнау түрмелерінде ұсталады», деп хабарлады түрме әкімшілігінің бас директоры Ананд Кумар.
Бомбей Жоғарғы Соты ешбір сотталушыны уақытша кепілге немесе оның еркінсіз шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға мәжбүрлеу мүмкін емес деп шешті.
«Сотталушылар өз ұстанымдарын жазбаша түрде ұсынды, біз оны қабылдап, құрметтеуіміз керек», деді Сот өкілдері.