Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегілер «Әуежай Ақтау» кеден бекетінің бас маманына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Лауазымды тұлға қызметтік бабын пайдаланып, Түркиядан Қазақстан аумағына 80 жиынтық алтын бұйымдарын заңсыз тасымалдауға көмектескен.
Үш қазақстандық кеден бекетінің қызметкері арқылы құнды «тауарларды» кедендік бақылаудан өткізген. Соңғысы астыртын әрекеттері үшін 300 мың теңгені иеленген.
Зергерлік бұйымдардың кедендік құны 31 млн астам теңгені, оның ішінде кедендік төлемдер – 7 млн астам теңгені құрады.
Ақтау қалалық соты үкімімен лауазымды тұлға 5 жылға сотталды, ҚР үш азаматына 7,8 млн теңге айыппұл салынды.