Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа нұсқаларын грек алфавитінің әріптерімен атайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мұндай шара инфекцияның жаңа нұсқасы алғаш ашылған елдердің стигматизациясын болдырмас үшін жасалуда. Сонымен, британдық нұсқа «альфа», Оңтүстік Африкадан табылған нұсқа – «бетта», бразилиялық нұсқа – «гамма» деп аталады.