Әлем 01 Маусым, 2021

Малайзияда қайтадан локдаун енгізілді

250 рет
көрсетілді

Малайзияда коронавирустың таралуы күшейіп, локдаун енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Себебі елде күн сайын вирусты жұқтырғандар саны 8 мыңға жеткен. Бұл індет басталғалы елдегі екінші ірі карантин. Тұрғындарға көшеде жүгіруге рұқсат етілгенімен, велосипедпен серуендеуге тыйым салынған.

Тәртіпті қадағалау үшін елде 800-ге жуық бақылау-тексеру бекеті ашылған.

Малайзияда індет басталғалы дертке шалдыққандар саны 570 мыңнан асқан. .